"Fincraft" Инвестициялық үйі" АҚ Басқарма құрамы өзгертілді

20.04.23 10:52
/KASE, 20.04.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Fincraft" Инвестициялық үйі " АҚ (Алматы) Директорлар кеңесінің 2023 жылдың 17 сәуіріндегі шешімімен Б.С. Алихан компанияның Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары болып сайланғанын KASE хабарлады. Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Fincraft" Инвестициялық үйі" АҚ Басқармасы үш адамнан тұрады: М. М. Джүнусбеков, Ш. К. Сатпаева, Б. С. Алихан. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/IDFC/idfc_board_changes_170423_0169.PDF [2023-04-20]