KZ
9 мамыр 2025, 15:00
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.04.2023 19:11 #Қаржы құралдары

18 сәуірден бастап екі атаудағы облигациялар Т+ тізіміне енгізіледі

/KASE, 14.04.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2023 жылдың 18 сәуірінен бастап мынадай облигацияларды ішінара қамтамасыз ету (Т+ тізімі) шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қаржы құралдарының тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

1) Еуразиялық Даму Банкінің KZ2D00009628 облигациялары ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb40);

2) Азия Даму Банкінің XS2590132242 халықаралық облигациялары ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe14).

Қаржы құралдарын Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі KASE интернет-сайтында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2023-04-14]