"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартқа толықтыру жасалғаны туралы хабарлады
/KASE, 17.04.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге мынадай мазмұндағы ақпаратты ұсынды:
дәйексөздің басы
Осымен "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы ("ҚМГ ҰК") "Қазақстан қор биржасы" АҚ бағалы қағаздарға рұқсат беру бастамашыларының ақпаратты ашу қағидаларының 1-қосымшасының 2- кестесінің 13-тармағына сәйкес 2023 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, ҚМГ ҰК және "Kalamkas-Khazar Operating" ЖШС арасында Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов ("келісімшарт") жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартқа №1 толықтыру жасалды, оған сәйкес "Kalamkas-Khazar Operating" ЖШС келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы болды.
дәйексөздің басы
Осы ақпарат орналастырылды:
[2023-04-17]