/KASE, 12.04.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер мен
индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі –Комитет) 2023 жылдың
10 сәуіріндегі "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу
әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес
2023 жылдың 04 мамырынан бастап KASE индексін есептеу үшін
акциялардың өкілеттік тізімі анықталғаны туралы хабарлайды
(бұдан әрі – Тізім).
Аталған шешімге сәйкес, 2023 жылдың 04 мамырынан бастап KASE
индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі өзгеріссіз қалады.
------------------------------------------------------------------------
Код
# р/с акциялар ISIN Эмитент Fi* Ri* Үлесі*
----- -------- ------------ ---------------------- ---- --------- ------
1 CCBN KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ 40,4 1,0000000 7,3
2 HSBK KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық жинақ 30,5 0,2348330 15,0
банкі" АҚ
3 KCEL KZ1C00000876 "Кселл" АҚ 34,1 0,8456748 15,0
4 KEGC KZ1C00000959 "KEGOC" АҚ 10,0 1,0000000 6,4
5 KMGZ KZ1C00001122 "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ 3,0 0,5896013 15,0
6 KSPI KZ1C00001536 "Kaspi.kz" АҚ 23,7 0,0665349 15,0
7 KZAP KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп" 25,0 0,1133310 15,0
ҰАК" АҚ
8 KZTK KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ 16,3 1,0000000 7,2
9 KZTO KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ 10,0 1,0000000 4,2
------------------------------------------------------------------------
* Fi, Ri және Үлес параметрлері Комитет шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни
04.05.23 басына акциялардың ағымдағы бағасына және 01.04.23 жағдай
бойынша еркін айналымдағы акциялар санына сәйкес қайта есептеледі.
КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ
ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.
Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы.
Ri – шектеу коэффициенті – әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін
0,15 (15 %) дейін шектейтін параметр әрбір акция үшін тоқсанына бір рет
01 ақпандағы, 01 мамырдағы, 01 тамыздағы,01 қарашадағы жағдай
бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен регламенттеледі.
Fi – 01.01.23 жағдай бойынша еркін айналымдағы акциялар санының,
KASE-де 11.04.23 жағдай бойынша тіркелген соңғы мәміленің бағасының
және әрбір атаудағы акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін Ri
коэффициентінің туындысы ретінде алынған параметр.
Үлес – KASE индексін есептеу үшін өкілеттік тізімдегі барлық атаулардағы
акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы қандай да бір атаудағы
акциялардың жиынтық нарықтық құнының үлесі. Пайызбен көрсетіледі.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf сілтеме бойынша
жарияланған.
[2023-04-12]