"Birinshi Lombard" (Бірінші Ломбард) ЖШС KZ2P00009277 (MFBLb1) облигацияларына жазылым жүзеге аспады деп жарияланды
11.04.23 19:25
/KASE, 11.04.23/ – Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE немесе Биржа) сауда-саттық жүйесінде "Birinshi Lombard"
(Бірінші Ломбард) ЖШС (Алматы) KZ2P00009277 (KASE баламалы алаңы,
"облигациялар" санаты, MFBLb1; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 2 жыл;
тоқсандық купон; жылдық 24,00%; 30/360) оларға жазылу бойынша облигацияларын
бастапқы өлшеу жүргізілді.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде Сатушы ретінде "Банк ЦентрКредит" АҚ
еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етті.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 11 сәуірінде Астана қаласы
уақытымен сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін өткізілді.
Орналастыруға номиналды көлемі 100 000 000 теңге болатын облигациялар
ұсынылды. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданды.
Сауда-саттыққа KASE екі мүшесі қатысты. Сауда-саттық жүйесіне жалпы
көлемі 5,0 млн теңге болатын екі шектелімді өтінім берілді, олар өтінімдерді
жинау аяқталған кезде белсенді деп танылды. Берілген белсенді өтінімдердегі
таза баға номиналдың 100,0000 % және 100,0777 % құрады (тиісінше жылдық
24,0000 % және жылдық 23,9500 %), орташа сараланған таза баға номиналдың
100,0544 % құрады (жылдық 23,9650 %). Сұраныс ұсыныстың 5,0 % құрады.
Белсенді өтінімдердің барлық көлемі жеке тұлғалардың үлесіне тиді.
Берілген өтінімдер бойынша қанағаттанарлықсыз қалыптасқан бағаға
байланысты жазылым жүзеге аспады деп танылды және жарияланды.
[2023-04-11]