"YURTA" Инвестициялық Қаржы Үйі" АҚ-ның жалғыз акционері акционердің акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру жолымен Қоғамның 176 562 жай акциясын қосымша орналастыру туралы шешім қабылдады

11.04.23 11:48
/KASE, 11.04.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "YURTA" Инвестициялық Қаржы Үйі" АҚ (Алматы) оның жалғыз акционерінің 2023 жылдың 06 сәуіріндегі шешімдері туралы KASE-ге хабарлады: - қоғамның жарияланған жай акцияларын 176 562 дана көлемінде қосымша орналастыруды жүзеге асыру; - орналастыру бағасын бір акция үшін 2 831,87 теңге мөлшерінде анықтау; - жалғыз акционердің қоғам акцияларын басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру жолымен жай акцияларды орналастыруды жүзеге асыру. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/IFDR/ifdr_decision_sole_060423_88.pdf [2023-04-11]