06 сәуірге белгіленген "Fincraft" Инвестициялық үйі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы кворумның болмауына байланысты өткізілген жоқ

06.04.23 17:40
/KASE, 06.04.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Fincraft" Инвестициялық үйі" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 06 сәуірге белгіленген Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы кворумның болмауына байланысты өтпегенін, қайталама жиналыс 2023 жылдың 19 сәуірінде Астана қ. уақыты бойынша сағат 10:00-де өтетінін KASE-ге хабарлады. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/IDFC/idfc_meeting_date_change_190423_0158.pdf Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE 2023 жылдың 07 наурызындағы "06 сәуірінде "Fincraft "Инвестициялық үйі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді" тақыбындағы жаңалығы жарияланған болатын – https://kase.kz/kz/news/show/1497788/ [2023-04-06]