"YURTA" Инвестициялық Қаржы Үйі" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 05 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

06.04.23 16:24
/KASE, 06.04.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "YURTA" Инвестициялық Қаржы Үйі" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 05 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 600 000 дана; - компанияның 371 637 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға С.Т. Усер болып табылады. [2023-04-06]