Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Фридом Финанс" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 05.04.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Фридом Финанс" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 20 000 000 дана;
- компанияның 11 531 784 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға FREEDOM HOLDING CORP. болып табылады.
[2023-04-05]