Қазақстан Қаржы министрлігі 29 наурызда Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-96 13-ші шығарылымын (KZKD00001202, MUM096_0013) орташа сараланған кірістілігі жылдық 14,16 %-бен орналастырып, 51,2 млрд теңге тартты

31.03.23 18:00
/KASE, 31.03.23/ – Бұдан брын хабарланғандай, 2023 жылдың 29 наурызында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-96 13-шң шығарылымын (KZKD00001202, MUM096_0013) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2023 жылдың 31 наурызында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 51 183 106 029,1 теңгені құрады. KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі Қазақстан қор биржасында 29 наурызда 57,9 млн МЕУКАМ-96 13-ші шығарылымын (KZKD00001202, MUM096_0013) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 14,16 %-бен орналастырды" жаңалығы https://kase.kz/kz/news/show/1498706/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-03-31]