KZ
13 мамыр 2025, 13:42
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
31.03.2023 17:30 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылдың сәуіріне Германияға тасымалдау үшін қазақстандық мұнайдың жоспарланған мөлшерін 100 мың тоннаға дейін ұлғайтты

/KASE, 31.03.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге 2023 жылдың 31 наурызындағы баспасөз мәлімдемесін ұсынды, онда мыналар хабарланады:

дәйексөздің басы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалы кестесіне сай, "ҚазТрансОйл" АҚ ақпан айында 100 мың тонна мөлшерінде қазақстандық мұнайды "Дружба" мұнай құбырымен "Адамова застава" мұнай бекеті арқылы әрі қарай Германияға жеткізуді жоспарлап отыр. Үстіміздегі жылдың ақпан-наурыз айларында "ҚазТрансОйл" АҚ Германияға 40 мың тонна мөлшерінде қазақстандық мұнай жөнелтті. 2022-ші жылдың желтоқсан айында "ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды "Транснефть" ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен "Адамова застава" мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын. Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы KASE интернет-ресурсында орналастырылды:

- толығырақ – қазақ тілінде

- толығырақ – орыс тілінде;

- толығырақ – ағылшын тілінде.

[2023-03-31]