29 наурыз күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 03 наурызда болатын МЕУКАМ-96 13-ші шығарылымын (KZKD00001202, MUM096_0013) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

29.03.23 14:55
/KASE, 29.03.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2023 жылдың 29 наурызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-96 13-ші шығарылымын (KZKD00001202, MUM096_0013) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 30 584 998 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 86,0725 % (кірістілік – жылдық 14,30 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 86,6216 % құрады (кірістілік – жылдық 14,16 %). Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады. Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 31 наурызда болатын МЕУКАМ-96 13-ші шығарылымын (KZKD00001202, MUM096_0013) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы https://kase.kz/kz/news/show/1498642/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-03-29]