KZ
13 мамыр 2025, 06:00
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.03.2023 14:55 #Сауда-саттық ақпараты

29 наурыз күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 03 наурызда болатын МЕУКАМ-96 13-ші шығарылымын (KZKD00001202, MUM096_0013) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

/KASE, 29.03.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2023 жылдың 29 наурызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-96 13-ші шығарылымын (KZKD00001202, MUM096_0013) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 30 584 998 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 86,0725 % (кірістілік – жылдық 14,30 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 86,6216 % құрады (кірістілік – жылдық 14,16 %).

Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.

Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 31 наурызда болатын МЕУКАМ-96 13-ші шығарылымын (KZKD00001202, MUM096_0013) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2023-03-29]