/KASE, 28.03.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 17 наурызында
сауда-саттық жүйесінде KZ2C00009462 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар"
санаты, KFUSb54) "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ (Алматы) облигацияларын
төменде келтірілген шарттарда (Астана қ.уақытымен) орналастыру бойынша
мамандандырылған сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды.
-------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар
ISIN: KZ2C00009462
KASE сауда-саттық коды: KFUSb54
Номиналдық құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, млн теңге:
– тіркелген: 40 000 000 000
– орналастырылған: –
Айналыстың басталу күні: облигацияларды орналастыру
бойынша алғашқы сауда-
саттықты өткізу күні
Айналыстың соңғы күні кейінірек анықталады
Өтеудің алғашқы күні кейінірек анықталады
Айналыста болу мерзімі: 3 жыл (1 095 күн)
Купон мөлшерлемесі құбылмалы (TONIA Compounded
+ тиянақталған маржа), маржа
облигацияларды орналастыру
бойынша алғашқы сауда-
саттықты өткізу қорытындылары
бойынша анықталады
Купонды төлеу мерзімділігі жылына 2 рет
Купонды төлеуді бастау күні: кейінірек анықталады
Уақыттық базасы: actual/365
---------------------------------------------- --------------------------------
Сауда-саттық күні: 31.03.23
Жарияланған орналастыру көлемі 5 000 000 000
Лот көлемі, дана 1
Сауда-саттық заты: тиянақталған маржа
мөлшерлемесі
Сатып алуға өтінім түрлері: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–11:00
Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–11:30
Кесім уақыты: 14:00 (Т+0)
Төлем уақыты: 31.03.23, 14:00
Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең
немесе одан жоғары өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына байланысты шектелімді бірыңғай кесімдеу бағасы
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бойынша
Өтінімдердің беру кезегіне байланысты шектеулі қарсылама өтінімдердіқабылдау уақытмен
өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:
Сауда-саттық бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ
--------------------------------------------------------------------------------
Баға ретінде өтінімде екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген
жылдық пайызбен белгіленген маржа мөлшерлемесінің мәні көрсетілуі тиіс.
Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны
данамен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың көлеміне
тең немесе еселенген болуы тиіс.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.
Мәміленің көлемі
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield_new_kz.pdf
сілтемесі бойынша жарияланған Облигациялардың кірістілігін және
облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің
4 тарауына сәйкес есептеледі.
Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз
ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып
алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді "Орталық бағалы қағаздар
депозитарийі" АҚ шотында кестеде көрсетілген уақытта болуын қамтамасыз
етуі тиіс.
KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі
http://www.kase.kz/kz/membership
сілтемесі бойынша жарияланған.
Сауда-саттық клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы
қағида
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+_kz.pdf сілтемесі
бойынша танысуға болады.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат
https://kase.kz/ru/bonds/show/KFUSb54/ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-03-28]