"Қазақстанның Даму Банкі "АҚ KZ2C00009637 (BRKZb32) және KZ2C00009645 (BRKZb33) "жасыл" облигациялары KASE негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша листингілік процедуралардан өтті

27.03.23 16:25
/KASE, 27.03.23/ – Қазақстан қор биржасының листингтік комиссиясы (KASE) 2023 жылғы 27 наурызда "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана) келесі "жасыл" облигацияларының KASE негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2C00009637 (1 000 теңге, 16,0 млрд теңге; 3 жыл, өзгермелі жарты жылдық купон-TONIA Compounded + тиянақталған маржа, маржа мөлшері облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болады; actual/365), сауда-сатты коды – BRKZb32; - KZ2C00009645 (1 000 теңге, 16,0 млрд теңге; 15 жыл, өзгермелі жарты жылдық купон – TONIA Compounded + тиянақталған маржа, маржа мөлшері облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болады; actual/365), сауда-саттық коды – BRKZb33. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымдары Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылдың 20 наурызда жалпы сомасы 150,0 млрд теңгеге тіркеген "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ тоғызыншы облигациялық бағдарламасы шеңберінде бірінші және екінші шығарылымдары болып табылады. "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ қаржылық кеңесшілері мен андеррайтерлері "SkyBridge Invest" АҚ (Алматы) және "BCC Invest" АҚ - "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) еншілес ұйымы болып табылады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2023-03-27]