KZ
13 мамыр 2025, 11:00
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.03.2023 17:35 #Корпоративтік уақиғалар

KASE жаңадан келген бөлшек инвесторлар үшін "Инвестициялаудың 5 қадамы" вебинарын өткізді

/KASE, 24.03.23/ – Бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) жаңадан бастаған бөлшек инвесторлар үшін «Инвестициялаудың 5 қадамы» тақырыбында онлайн вебинар өткізді.

Іс-шараның спикері, KASE оқу бағдарламасының үйлестірушісі Шынар Елубаева, қатысушыларға инвестициялаудағы алғашқы қадамдар туралы, инвестор немен бастауы керек, қор нарығы, оның қатысушылары мен құралдары туралы не білу керек екенін, сондай-ақ брокерді қалай таңдауға және өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болатынын айтып берді.

KASE бұл іс-шараларды балалар мен жастарға арналған қаржы саласындағы Халықаралық Даму Қоры – Child and Youth Finance International (CYFI) іске асыратын Global Money Week (GMW, Дүниежүзілік ақша апталығы) балалар мен жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі дүниежүзілік жыл сайынғы қозғалыс шеңберінде өткізеді.

[2023-03-24]