27 наурыздан бастап KASE-де JPMorgan Chase & Co. US46625H1005 (JPM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
24.03.23 16:23
/KASE, 24.03.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 27 наурызынан бастап
KASE орталық контрагент ретінде әрекет ететін және есеп айырысу күні 2023 жылдың
6 сәуіріне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін репо операцияларға байланысты
JPMorgan Chase & Co. US46625H1005 (JPM_KZ) жай акцияларымен бойынша сауда-саттықты
тоқтататынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының
11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 6 сәуірәнде
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2023 жылдың 10 сәуірінен бастап
қайта басталады.
[2023-03-24]