/KASE, 24.03.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) өз акционерлерінің 2023 жылдың
20 наурызында болып өткен кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы
Биржаға хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- Банктің 2022 жылға тексерілген жылдық қаржылық есебі бекітілсін;
- Банктің 2022 жылға жай және артықшылықты акциялары бойынша бір
акцияға 4 900 теңге көлемінде дивиденд төленсін.
Бұл ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/CSBN/csbn_special_shareholders_meeting_results_200323_29.pdf
[2023-03-24]