KZ
11 мамыр 2025, 08:01
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
20.03.2023 18:23 #Сауда-саттық ақпараты

20 наурыз күні Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкі үш-жылдық KZ2D00009628 (EABRb40) облигацияларын жылдық 5,72 %-бен орналастырып, $80,0 млн тартты

/KASE, 20.03.23/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Еуразиялық даму банкінің KZ2D00009628 (EABRb40; $200,0 млн; 20.03.23 – 20.03.26; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным параметрлері және мамандандырылған сауда-саттықтың нәтижелері келтірілген.

-------------------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                              
---------------------------------------------------------- --------
Қатысушылар саны:                                          3       
Қатысушылардың шоттар саны:                                65      
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді),
оның ішінде: 108 / 65
– шектелімді:                                              108 / 65
– нарықтық:                                                0       
Белсенді өтінімдер саны*, АҚШ доллары:                     81,9    
– нарықтық:                                                81,9    
– шектелімді:                                              0       
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің                     37 725,8
бағамы бойынша теңгедегі эквиваленттегі                            
белсенді өтінімдердің көлемі:                                      
Ұсынымға сұраным, %:                                       109,2   
Берілген өтінімдер бойынша купон                                   
мөлшерлемесі, жылдық % (жалпы / белсенді):                         
– минималды                                                5,7100  
– максималды                                               5,7200  
– орташа өлшенген                                          5,7194  
-------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте       
  сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде,                
  растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.                  

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесі – 6,1%, брокер-дилерлік ұйымдардың үлесі – 24,4%, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі – 26,3%, басқа заңды тұлғалардың үлесі – 42,6%, жеке тұлғалардың үлесі – 0,6%.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

---------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,  80 000 000      
облигациялар:                                            
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі,     80 000 000,0    
АҚШ доллары:                                             
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,                  
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің   36 863 200 000,0
бағамы бойынша теңгедегі эквивалент:                     
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:       49              
Өтінімдері қанағаттандырылған            3               
қатысушылар саны:                                        
Қатысушылардың шоттар саны:              49              
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі,     106,7           
жоспардан %:                                             
Қанағаттандырылған ұсыныстардағы         5,7200          
купон мөлшерлемесі, жылдық %:                            
---------------------------------------------------------

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілелер толық орындалды.

Орналастыру кезінде инвесторлардың негізгі санаттары тұрғысында жалпы көлемнің 6,2%-ын банктер, 25,0%-ын брокерлік және дилерлік ұйымдар, 25,2%-ын басқа институционалдық инвесторлар, 43,6%-ын басқа заңды тұлғалар сатып алды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

----------------------------------------- ---------------------------------
Сауда-саттық күні:                        20.03.23                         
Жарияланған орналастыру көлемі,           75 000 000                       
АҚШ доллары:                                                               
Лоттың мөлшері, дана:                     1                                
Сауда-саттық заты:                        купон мөлшерлемесі               
Сатып алуға өтінімдердің түрі:            шектелімді                       
Способ подачи заявок:                     жабық                            
Өтінім беру тәсілі:                       10:00–14:00                      
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–14:30                      
Өтінімдерді растау уақыты:                15:00 (Т+0)                      
Кесімдеу уақыты:                          20.03.23, 15:00                  
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағасы кесімді бағаға тең немесе 
                                          одан жоғары өтінімдер кесімделеді
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша 
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:                                         
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарама қарсы өтінімдерді         
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі:       қабылдау уақыты бойынша          
Сауда-саттық өткізудің бастамашысы:       Фридом Финанс АҚ                 
---------------------------------------------------------------------------

Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат сілтемеде толығырақ

[2023-03-20]