"Кселл" АҚ Директорлар кеңесі 2022 жылға компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы ұсыныс жасады

20.03.23 17:22
/KASE, 20.03.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы) KASE-ге 2023 жылдың 20 наурызындағы келесі баспасөз мәлімдемесін ұсынды: дәйексөздің басы: Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы көшбасшы операторлардың бірі "Кселл" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Кселл" немесе "Компания") (KASE: KCEL) Компанияның телекоммуникация нарығындағы ұзақ мерзімді бәсекеге қабілетті дамуы үшін стратегиялық маңызы бар "Қазақстан Республикасында бесінші буын ұялы байланысын (5G\IMT) енгізу және дамыту" атты стратегиялық жобасының іске асырылуына байланысты, жобаны іске асыру Компанияның 2023 жылындағы ақша ағынына ауыртпалық әкелетінін ескере отырып, Басқарма Директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысына 2022 қаржылық жылдағы таза кірісті бөлмеуді және "Кселл" АҚ жай акциялары бойынша дивидендтерді төлемеуді ұсынғаны туралы хабарлайды. дәйексөздің cоңы Толық баспасөз мәлімдемесі орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_relizs_200323_1_rus.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_relizs_200323_1_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-03-20]