18 мамырда "Кселл" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

20.03.23 17:01
/KASE, 20.03.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады: ... Қазақстандағы телекоммуникациялық нарықтағы көшбасшы операторлардың бірі болып табылатын "Кселл" АҚ (әрі қарай "Kcell" немесе "Компания") (KASE: KCEL), Компанияның Директорлар кеңесі 2023 жылдың 18 мамырында сағат 11:00-де (Алматы уақытымен) Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әлімжанов көшесі, 51 мекен- жайында акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы шешімін хабарлады. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу Алматы уақытымен 10:00-де басталады. Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы бетпе-бет жүздесу арқылы өткізіледі. Егер аталмыш жиналыс белгіленген күні өткізілмесе, онда 2023 жылдың 30 мамырына Алматы уақытымен сағат 11:00-ге ауыстырылады. Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға Орталық депозитарийде 2023 жылдың 20 сәуіріндегі (Алматы уақытымен сағат 00:00) жағдай бойынша бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінде акционер ретінде тіркелген акционерлердің құқығы бар. Тіркелу үшін қатысушылар жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі қажет. Өкілетті тұлғалар жиналысқа дауыс беру құқығымен қатысуға сенімхат ұсынулары керек. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының ұсынылатын күн тәртібі: 1) "Кселл" АҚ 2022 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы; 2) 2022 қаржы жылына арналған "Кселл" АҚ таза кірісін бөлу тәртібін бекіту және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы. Хабарламаның толық нұсқасы мына сілтемеде орналастырылды https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_relizs_200323.pdf [2023-03-20]