Қазақстан Қаржы министрлігі 15 наурыз күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-132 жетінші шығарылымын (KZKD00001152, MUM132_0007) өтеуге кірістілігі жылдық 13,87 %-бен орналастырып, 28,5 млрд теңге тартты

17.03.23 18:27
/KASE, 17.03.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде 2023 жылдың 15 наурызында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-132 жетінші шығарылымы (KZKD00001152, MUM132_0007) орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2023 жылдың 17 наурызында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 28 496 687 776,2 теңгені құрады. KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 15 наурызда Қазақстан қор биржасында 31,5 млн МЕУКАМ-132 жетінші шығарылымын (KZKD00001152, MUM132_0007) орташа алынған өтеуге кірістілігі жылдық 13,87 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1498169/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-03-17]