24 наурыз күні Қазақстан қор биржасында есеп айырысуы 28 наурызда болатын МЕТИКАМ-120 бірінші шығарылымын (KZKT00000065, MTM120_0001) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

17.03.23 17:07
/KASE, 17.03.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 24 наурызында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің TONIA мөлшерлемесіне индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін (МЕТИКАМ) бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды (Астана қ. уақыты). ----------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздардың түрі: МЕТИКАМ-120 ISIN: KZKT00000065 Шығарылымның реттік нөмірі: 0001 / 120 KASE сауда-саттық коды: MTM120_0001 Номиналды құны, теңге: 1 000,00 Айналыстағы облигациялардың көлемі, – дана: Айналысқа жіберу күні: 28.03.23 Айналыста болудың соңғы күні: 27.03.33 Өтеу мерзімі: 28.03.33 Айналыста болу мерзімі: 10 жыл (3 600 күн) Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет Купондық төлем кестесі: 1 28.09.23 2 28.03.24 3 30.09.24 4 28.03.25 5 29.09.25 6 30.03.26 7 28.09.26 8 29.03.27 9 28.09.27 10 28.03.28 11 28.09.28 12 28.03.29 13 28.09.29 14 28.03.30 15 30.09.30 16 28.03.31 17 29.09.31 18 29.03.32 19 28.09.32 20 28.03.33 Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------------------ ---------------------- Сауда-саттық күні: 24.03.23 Орналастырудың жарияланған көлемі, 30 000,0 млн теңге: Сауда-саттық заты: купон мөлшерлемесі Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі,%*: 70 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00–11:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–11:00 Кесім күні және уақыты: 24.03.23, 15:00 Төлеу уақыты: 28.03.23 Қарсылама шектелімді өтінімдерді карсылама өтінімдердің қанағаттандыру тәсілі: көлеміне пропорционалды Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру бірыңғай кесімдеу әдісі: бағасы бойынша Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша ----------------------------------------------------------------------- * Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы қағидаға сәйкес нарықтық өтінімдерді беру сауда-саттыққа бір қатысушыға нарықтық өтінімдерді берудің рұқсат етілген пайызын қамтамасыз ету мақсатында сауда-саттыққа қатысушы шектелімді өтінімдерді бергеннен кейін ғана мүмкін болады; бұл ретте, егер сауда- саттыққа бір қатысушыға нарықтық өтінімдердің рұқсат етілген пайызы бұзылса, шектелімді өтінімді алып тастауға тыйым салынады. Индекстелген купон орналастыру кезінде анықталған тіркелген купонның сомасы және "Ақша нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес анықталатын алты айға арналған TONIA Compounded (TCR_6M) мөлшерлемесі ретінде есептеледі. Өтінімде баға ретінде үшінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигацияның номиналды құнынан жылдық пайызбен купон мөлшерлемесінің мәні көрсетілуі тиіс. Дәл осы көрсеткіш сауда-саттықтың мәні болып табылады. Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда-саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып). Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ережелердің мәтіні http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Ақша нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі https://kase.kz/files/normative_base/met_indicators_money_market_kaz.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Сауда-клирингілік жүйелерінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2023-03-17]