24 наурыз күні Қазақстан қор биржасында есеп айырысуы 28 наурызда болатын МЕОКАМ-60 52-ші шығарылымын (KZK200000679, MOM060_0052) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі

17.03.23 16:38
/KASE, 17.03.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 24 наурызында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕОКАМ) бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда- саттық (Астана қ. уақыты) өткізілетіні туралы хабарлайды. ------------------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздардың түрі: МЕОКАМ-60 ISIN: KZK200000679 Шығарылымның реттік нөмірі: 0052 / 060 KASE сауда-саттық коды: MOM060_0052 Номиналды құны, теңге: 1 000,00 Айналыстағы облигациялардың көлемі, 180 936 254 дана: Айналысқа жіберу күні: 04.08.21 Айналыста болудың соңғы күні: 03.08.26 Өтеу мерзімі: 04.08.26 Айналыста болу мерзімі: 5 жыл (1 800 күн) Купон мөлшерлемесі: жылдық 10,50 % Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет Купондық төлем кестесі: 1 04.02.22 2 04.08.22 3 06.02.23 4 04.08.23 5 05.02.24 6 05.08.24 7 04.02.25 8 04.08.25 9 04.02.26 10 04.08.26 Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------------------ ------------------------------ Сауда-саттық күні: 24.03.23 Өтеуге дейінгі мерзімі: 3,4 жыл (1 210 күн) Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 30 000,0 Сауда-саттық заты: "таза" бағасы Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі,%*: 70 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00–11:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–11:00 Кесім күні және уақыты: 24.03.23, 15:00 Төлеу уақыты: 28.03.23 Қарсылама шектелімді өтінімдерді қарсылама өтінімдердің қанағаттандыру тәсілі: мөлшеріне пропорционалды Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру кесімдеу бағасына тең әдісі: немесе сатушы үшін неғұрлым тиімді болып табылатын, шектелімді қарсылама өтінімдердің бағалары бойынша Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: орташа сараланған баға бойынша ------------------------------------------------------------------------------- *Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы қағидаға сәйкес нарықтық өтінімдерді беру сауда-саттыққа бір қатысушыға нарықтық өтінімдерді берудің рұқсат етілген пайызын қамтамасыз ету мақсатында сауда-саттыққа қатысушы шектелімді өтінімдерді бергеннен кейін ғана мүмкін болады; бұл ретте, егер сауда- саттыққа бір қатысушыға нарықтық өтінімдердің рұқсат етілген пайызы бұзылса, шектелімді өтінімді алып тастауға тыйым салынады. Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген номиналды құнның пайызымен облигацияның "таза" (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс. Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда-саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып). Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ережелердің мәтіні http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен- жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Ақша нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі https://kase.kz/files/normative_base/met_indicators_money_market_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Сауда-клирингілік жүйелерінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат http://kase.kz/kz/gsecs/show/MOM060_0052/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-03-17]