KZ
13 мамыр 2025, 13:37
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.03.2023 12:12 #Қаржы құралдары

16 наурыз күні KASE-де 2023 жылдың наурыз айында орындалатын фьючерстер жабылды

/KASE, 17.03.23/ – 2023 жылдың 16 наурызында Қазақстан қор биржасында (KASE) 2023 жылдың наурыз айында орындалатын келесі фьючерстер бойынша есептесу жүргізілді:

  • "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ жай акцияларына, сауда-саттық коды – HSBK-3.23;
  • "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ жай акцияларына, сауда-саттық коды – KZAP-3.23;
  • KASE индексіне, сауда-саттық коды – KX-3.23;
  • АҚШ долларының теңгеге бағамына, сауда-саттық коды – US-3.23;
  • Ресей рублінің теңгеге бағамы, сауда-саттық коды – RU-3.23.

HSBK-3.23 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, ашық жайғасымдар жоқ. Фьючерстің соңғы есептесу бағасы бір акция үшін 127,97 теңгені құрады.

KZAP-3.23 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, ашық жайғасымдар жоқ. Фьючерстің соңғы есептесу бағасы бір акция үшін 12 971,07 теңгені құрады.

KX-3.23 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, ашық жайғасымдар жоқ. Фьючерстің соңғы есептесу бағасы 3 263,27 тармақты құрады

US-3.23 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, ашық жайғасымдар жоқ. Фьючерстің соңғы есептесу бағасы бір АҚШ доллары үшін 463,67 теңгені құрады.

RU-3.23 бойынша жалпы құны 6,0 млрд теңгені құрайтын екі мәміле жасалды. Фьючерстің соңғы есептесу бағасы бір рубль үшін 6,10 теңгені құрады.

[2023-03-17]