2023 жылдың ақпан айындағы KASE акциялар нарығына шолу

16.03.23 15:06
/KASE, 16.03.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың ақпанындағы акциялар нарығына шолуды ұсынады. Ақпанда акциялармен сауда-саттық көлемі 28,1 млрд теңгені құрап, қаңтарға қатысты 47,7 %-ға немесе 9,1 млрд теңгеге артты. Сауда- саттықтың орташа күндік көлемі 1,4 млрд теңгені, мәмілелердің орташа күндік саны – 2 369, бір мәміленің орташа көлемі – 592,8 мың теңгені құрады. Ақпандағы акциялармен сауда-саттық қайталама нарықта ғана өтті. Ақпан айында KASE Индексінің мәні 1,2 %-ға өсіп, айдың соңына қарай 3 338,90 тармақты құрады. Максималды мән 17 ақпанда тіркелді – 3 382,79 тармақ. -------------------------------------------------------------------- Көлемі, млрд теңге 28 31 Δ, % ------------------ ақпан қаңтар Δ, % 01.01.23 дан ақпан қаңтар* ------------ -------- -------- ---- ------------- -------- --------- KASE Индексі 3 338,90 3 299,91 +1,2 +2,7 23,1 17,7 -------------------------------------------------------------------- * "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ жай акцияларын ескере отырып Индекстік акциялармен жасалатын мәмілелер көлемі ақпанда 22,3 млрд теңгені құрады, бұл қаңтардағы көрсеткіштен 19,0 млн теңгеге жоғары. Бұл 03 ақпаннан бастап KASE Индексін есептеу үшін акциялар тізіміне "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-ның жай акцияларының енгізілгеніне байланысты. -------------------------------------------------------------------- Соңғы мәміленің бағасы, Δ, % Сауда-саттық көлемі, бір акцияға теңгемен млн теңге ------------------------ ------------ ------------------------- 28 ақпан 31 қаңтар Δ, % 01.01.23 дан ақпан қаңтар Δ, % ---- --------- --------- ---- ------------ --------- -------- ------ KSPI 34 844,00 33 557,22 +3,8 +5,0 322,7 125,3 +157,5 HSBK 127,30 122,95 +3,5 +0,7 236,9 488,3 -51,5 KMGZ 9 765,00 9 520,10 +2,6 - 20 303,2 14 366,9 +41,3 KCEL 1 771,00 1 750,00 +1,2 +2,7 1 228,3 1 247,7 -1,6 KZTK 29 490,01 29 190,00 +1,0 +4,0 163,2 339,7 -52,0 KZTO 708,99 710,00 -0,1 -3,4 109,2 127,8 -14,6 KEGC 1 618,89 1 622,00 -0,2 -0,1 43,6 43,7 -0,2 CCBN 630,00 634,69 -0,7 -1,6 237,9 83,5 +185,0 KZAP 13 601,32 14 216,81 -4,3 +5,6 461,0 828,3 -44,3 -------------------------------------------------------------------- Ақпан айында қаржы секторы өкілдерінің акциялары айтарлықтай өсті: Kaspi.kz АҚ-ның жай акциялары 3,8 %-ға, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ-ның жай акциялары 3,5 %-ға өсті. Қазақстан Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ-ның 2022 жылғы таза пайдасы шоғырландырылмаған есеп берушілік бойынша 14,3 %-ға 539 млрд теңгеге дейін өсті. Kaspi.kz тобының таза пайдасы сол кезеңде 36 %-ға өсті. Топ акцияларды сатып алу бойынша үшінші бағдарламаны аяқтады, үш бағдарламаның қорытындысы бойынша 180 млн АҚШ долларына GDR сатып алынды. Kaspi директорлар кеңесі 2022 жылдың төртінші тоқсанында GDR-ге 600 теңге көлемінде дивидендтер төлеуді ұсынды, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған болжамдар айтылды: 2023 жылдың қорытындысы бойынша Kaspi.kz таза пайдасының 25 %-ға өсуі болжанып отыр. "Қазақтелеком" АҚ және оның еншілес компаниясы "Kcell" АҚ жай акциялары тиісінше 1,0 % және 1,2 %-ға өсті. Қазақтелекомның қаржы директоры 9 ақпанда алдын ала деректер бойынша компания қызметінің нәтижелері 2022 жылдың қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштерден асып түскенін жариялады. Сонымен қатар, 23 ақпанда "Қазақтелеком" Қазақстанда 5G енгізу жобасы бойынша күрделі шығындарды қаржыландыру үшін 40 млрд теңге сомасына Kcell мен "Мобайл Телеком-Сервис"-ке кредит желісін беретінін хабарлады. "ҚазТрансОйл" АҚ жай акциялары ақпан айын 0,1 %-ға аздаған төмендеумен аяқтады. 25 ақпанда "ҚазТрансОйл" АҚ Германияға одан әрі жеткізу үшін "Транснефть" КАҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесіне қазақстандық мұнайдың 20 мың тоннасын тапсырды. "KEGOC" АҚ-ның жай акциялары айды 0,2 %-ға төмендеумен аяқтады. 6 ақпанда Fitch Ratings рейтингтік агенттігі "KEGOC" АҚ рейтингін тұрақты болжаммен "ВВВ-" деңгейінде растады. "Банк ЦентрКредит" АҚ-ның жай акциялары ақпан айында бағасының 0,7 %-ын жоғалтты. 9 ақпанда банк 15 ақпаннан 17 наурызға дейін артықшылықты акциялар бойынша 2022 жылға бір акцияға 42,00 теңге мөлшерінде дивидендтер төлеуге ниетті екенін жариялады. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ жай акцияларының бағасы ақпан айының қорытындысы бойынша 4,3 %-ға төмендеді, бұл ретте екі айдың қорытындысы бойынша индекстік акциялар арасында неғұрлым көп өсім көрсетті - 5,6%. Компанияның корпоративтік оқиғаларынан: 9 ақпанда Yellow cake "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-нан 1,35 млн фунт уранды фунт үшін $48,9 бағамен (нарықтық бағасы фунт үшін $50,5) 2023 жылдың екінші жартысында жеткізумен сатып алуға опционды іске асырды. Ақпан айының маңызды оқиғасы 3 ақпаннан бастап "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-ның қағаздарын KASE Индексін есептеу үшін акциялар тізіміне енгізу болды. "ҚазМұнайГаз" акциялары 2022 жылдың желтоқсанында өткізілген IPO аясында орналастырылған сәттен бастап ақпан айының соңына дейін компанияның акциялары 16,2 %-ға өсті. Компания 2022 жылдың қорытындысы бойынша оң өндірістік нәтижелерді жариялады: 2021 жылмен салыстырғанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 1,7 %-ға 22 млн тоннаға дейін өсті, мұнай тасымалдау көлемі 0,1 %-ға 74,7 млн тоннаға дейін, қазақстандық және румын МӨЗ-дерінде көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 5,7 %-ға 19,9 млн тоннаға дейін өсті. KASE акциялар нарығы 2023 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 21,9 трлн теңгені (48,7 млрд USD) құрады, бұл өткен айдағы көрсеткіштен 177,7 млрд теңгеге немесе 0,8 %-ға жоғары. Өсімнің негізгі үлесі Kaspi.kz АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ және "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ акцияларының бағасын көтеру арқылы капиталдандыруға тиесілі болды. -------------------------------------------------------------- 28 ақпан 31 қаңтар Өзг. Өзг., % ------------------------ --------- --------- --------- ------- Капиталдандыру, млрд KZT 21 865,31 21 687,60 +177,71 +0,8 Капиталдандыру, млн USD 48 682,62 47 155,16 +1 527,46 +3,2 -------------------------------------------------------------- Қаңтар айының соңында KASE сауда-саттық тізімінде 91 эмитенттің 105 атаудағы акциялары болды, оның ішінде үш эмитенттің үш атаудағы акциялары "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілді. 2023 жылдың 28 ақпанындағы жағдай бойынша акциялар нарығын капиталдандыруды есептеу үшін өкілдік тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруі: -------------------------------------------------------- Эмитент Баға/(күні) Өзг., соңғы мәміленің % -------------------------------- ----------- ----------- "Банк ЦентрКредит" АҚ 455,00 420,00 (CCBNp) (28.02.23) (31.01.23) +8,3 "БАСТ" АҚ 9 198,00 9 900,00 (BAST) (28.02.23) (31.01.23) -7,1 -------------------------------------------------------- * кестеде акциялар бағасының +/- 5 %-дан асатын өзгерістері келтірілген. [2023-03-16]