"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ 2022 жылғы қаржылық нәтижелерін хабарлады

16.03.23 16:25
/KASE, 16.03.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2023 жылдың 15 наурызындағы баспасөз мәлімдемесін KASE-ге ұсынды, онда былай деп хабарланған: дәйексөздің басы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚМГ", "Компания"), Қазақстанның тігінен интеграцияланған мұнай-газ компаниясы, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес дайындалған тәуелсіз аудитордың есебімен бірге 2022 жылдың шоғырландырылған қаржы есептілігін жариялайды. 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылдағы негізгі қаржы көрсеткіштері (толық шоғырландыру әдісімен ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы 100% үлесті қамтиды): - Түсім 6 459 млрд теңгемен (15 161 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 34,5%-ға ұлғайып, 8 686 млрд теңгеге (18 845 млн АҚШ доллары) жетті; - EBITDA көрсеткіші 2 015 млрд теңгемен (4 730 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 25,9%-ға артып, 2 538 млрд теңгені (5 505 млн АҚШ доллары) құрады; - Компанияның таза пайдасы бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісіндегі үлестерді ескергенде 2,4%-ға ұлғайып, 1 317 млрд теңгені (2 858 млн АҚШ доллары) құрады; - Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісінің үлесіне түзетілген таза пайда2 1 022 млрд теңгемен (2 398 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 788 млрд теңгені (1 710 млн АҚШ доллары) құрады; - ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясының үлесін сатып алуға жұмсалған шығынды қоспағанда бос ақша ағымы 2021 жылғы 756 млрд теңгемен (1 774 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 116 млрд теңгені (2 421 млн АҚШ доллары) құрады; - ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясының үлесін сатып алуға жұмсалған шығынды қосқанда жаңа дивиденд саясатына сәйкес қайта есептелген бос ақша ағымы 2021 жылғы 756 млрд теңгемен салыстырғанда минус 82 млрд теңге болды; - 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жалпы қарыз 2021 жылғы 31 желтоқсандағы 3 746 млрд теңгемен (8 676 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 4 143 млрд теңгені (8 956 млн АҚШ доллары) құрады; - Компанияның 2022 жылғы 31 желтоқсандағы таза қарызы 2021 жылғы 31 желтоқсандағы 1 984 млрд теңгемен (4 594 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 2 143 млрд теңгені (4 632 млн АҚШ доллары) құрады. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_150323_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_150323.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_150323_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-03-16]