"BCC Invest" АҚ 2022 жылдың желтоқсаны – 2023 жылдың ақпаны үшін "ЦентрКредит – ақылға қонымды теңгерім" ИИПҚ KZPF00000231 (BCCIrb) пайларын ұстаушыларға дивидендтер төленгені туралы хабарлады

16.03.23 14:30
/KASE, 16.03.23/ – Пайлары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ЦентрКредит - ақылға қонымды теңгерім" интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) басқарушы компаниясы болып табылатын "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы, тақырыптамада – "BCC Invest" АҚ) KZPF00000231 (BCCIrb) пайларын ұстаушыларға 2022 жылдың 1 желтоқсанынан 2023 жылдың 28 ақпанына дейінгі кезеңге дивидендтер төлегені туралы KASE-ге хабарлады. Берілген ақпаратқа сәйкес төлем сомасы 98 868 117,31 теңгені құрады, дивидендтер төлеу үшін пай ұстаушылар тізілімін тіркеу күні – 2023 жылдың 28 ақпаны. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/BCCI/bcci_dividends_140323_0211-23.pdf [2023-03-16]