15 наурызда Қазақстан қор биржасында есеп айырысуы 10 ақпанда болатын МЕУКАМ-132 жетінші шығарылымын (KZKD00001152, MUM132_0007) орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті
/KASE, 15.03.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есеп айырысуы 2023 жылдың 17 наурызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-132 жетінші шығарылымын (KZKD00001152, MUM132_0007) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 21 548 487 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 82,9308 % (кірістілік – жылдық 14,00 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 82,4929 % құрады (кірістілік – жылдық 13,87 %).
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есеп айырысуы 17 наурызда болатын МЕУКАМ-132 жетінші шығарылымын (KZKD00001152, MUM132_0007) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалық толығырақ сілтемесі бойынша жарияланды.
[2023-03-15]