KZ
12 шілде 2025, 13:05
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.03.2023 12:12 #Сауда-саттық ақпараты

01 МАМЫРДАН БАСТАП KASE ҚОР ЖӘНЕ ВАЛЮТА НАРЫҚТАРЫНЫҢ САУДА-КЛИРИНГІЛІК ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ҚОСЫЛУ ҚБЕО КО ЭЦҚ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

/KASE, 15.03.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) Интернет желісі арқылы сауда-клирингілік жүйелерге қосылатын KASE қор және валюта нарықтарының мүшелерін 2023 жылдың 01 мамырынан бастап ASTS+ қор және валюта нарықтары сауда-клирингілік жүйесіне қосылу "ҚРҰБ Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы" РМК куәландырушы орталығының ЭЦҚ-сын (ҚБЕО КО ЭЦҚ) пайдалана отырып жүзеге асырылатыны туралы хабарлайды (KISC Сertificate RK-02 және KISC Сertificate RS-02).

KASE хабарлағандай, ҚБЕО КО ЭЦҚ-ға көшу бір мезгілде жүргізіледі және Биржа ҚБЕО КО ЭЦҚ пайдалану опциясын белгілегеннен кейін Интернет желісі арқылы қосылатын сауда-саттыққа қатысушылар тек ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-клирингілік жүйелерге қосыла алады, ҚБЕО КО ЭЦҚ-сы жоқ және Интернет желісі арқылы қосылатын қатысушылардың сауда-клирингілік жүйелерге қосылу мүмкіндігі болмайды.

[2023-03-15]