KASE биржалық нарықтың 2023 жылдың ақпанындағы жұмысын қорытындылады

14.03.23 14:24
/KASE, 14.03.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың ақпанындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды. - KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2023 жылдың ақпанында 23,7 трлн теңгені құрады және қаңтарға қатысты 0,2 %-ға немесе 43,2 млрд теңгеге төмендеді. - Айдың қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 1,2 %-ға өсіп, 3 338,90 тармақты құрады. - Ақпан айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 0,8 %-ға 21,9 трлн теңгеге дейін өсті, саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 7,8 %-ға 13,3 трлн теңгеге дейін төмендеді. - 2023 жылдың 01 наурызындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 219 эмитенттің 576 атаудағы мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды. - 2023 жылдың 01 наурызындағы жағдай бойынша Орталық депозитарийде 575 мың жеке тұлғаға ашылған 609 мыңнан астам дербес қосалқы шоттар болды. Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталары, ақша, репо және валюталық своп операцияларының, туынды құралдар нарығының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE интернет-ресурсында жарияланған KASE мәлімдемесінде ұсынылған: - https://kase.kz/files/press/kz/KAZ_14_03_2023_Itogi_feb.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/RUS_14_03_2023_Itogi_feb.pdf – орыс тілінде. [2023-03-14]