KASE "Бағалы қағаздарға салық салу және декларациялау" вебинарын өткізді

10.03.23 17:32
/KASE, 10.03.23/ – Бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) KPMG Кавказ және Орталық Азия сарапшыларымен бірлесіп "Бағалы қағаздарға салық салу және декларациялау" тақырыбында онлайн вебинар өткізді. Іс-шарада KPMG Кавказ және Орталық Азия өкілдері жеке тұлғалардың бағалы қағаздарға салық салудың және декларациялаудың жалпы ережелері, биржалық бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтерге салық салу бойынша маңызды өзгерістер, ақпаратты автоматты түрде алмасу, сондай-ақ ЖТС бойынша декларацияны толтыру туралы айтып берді (240.00-нысан). Вебинар бөлшек инвесторлар-жеке тұлғалардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізілді. [2023-03-10]