Еуразиялық даму банкінің KZ2D00008257 (EABRb26) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

10.03.23 09:30
/KASE, 10.03.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 10 наурызынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00008257 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb26; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 08.02.23 – 10.03.23; actual/365) дисконттық облигацияларының айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2021 жылдың 07 желтоқсанынан бастап енгізілген. Олармен сауда-саттық 2023 жылдың 09 ақпанынан бастап ашылған. [2023-03-10]