KASE IFC-мен бірлесіп жыл сайынғы Ring the Bell for Gender Equality сауда-саттығының ашылу салтанатын және "DigitALL: Women in FinTech" пікірталасын өткізді

06.03.23 15:00
/KASE, 06.03.23/ – Бүгін "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – Биржа, KASE) халықаралық қаржы корпорациясымен (бұдан әрі – IFC) бірлесіп жыл сайынғы Ring The Bell for Gender Equality сауда-саттық ашу салтанатын өткізді, оның шеңберінде "Digitall: women in FinTech" тақырыбында пікірталас өткізді. Ring The Bell for Gender Equality сауда-саттық ашу салтанаты әлемдік қоғамдастықтың назарын тұрақты даму саясаты мен ESG принциптері контекстінде гендерлік инклюзивтілікті дамыту перспективаларына және гендерлік теңдікті қолдауға аударуға бағытталған. "Digitall: women in FinTech" тақырыбындағы пікірталас цифрландыру мен IT технологияларды дамыту контекстінде гендерлік инклюзивтілікті қолдауға байланысты тақырыптарды талқылаған цифрлық технологиялар және финтех саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен өтті. KASE бұл рәсімді, KASE 2015 жылы қосылған, БҰҰ-ның "Тұрақты қор биржалары" – Sustainable Stock Exchanges Initiative бастамасын іске асыру шеңберінде 6-шы рет өткізуде. Бұл акцияны бүкіл әлем бойынша дәстүрлі түрде UN Women, халықаралық қаржы корпорациясы (IFC), "Әйелдер және биржалық индекстік қорлар" ұйымы және Дүниежүзілік биржалар Федерациясы қолдайды. Жыл сайын бүкіл әлем бойынша 100 ден астам биржалар UN SSE бастамасы аясында гендерлік теңдікке арналған сауда саттықтың ашылу салтанатты рәсімін өткізеді. ПОсы іс-шараға арналған баспасөз мәлімдемесі KASE интернет-ресурсында жарияланды: - https://kase.kz/files/press/kz/KAZ06032023_Ring_the_Bell_kaz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/RUS06032023_Ring_the_Bell_rus.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/press/en/ENG06032023_Ring_the_Bell_eng.pdf – ағылшын тілінде. [2023-03-06]