03 наурыздан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ XS0245586903 (CCBNe3) халықаралық облигациялары мерзімінен бұрын өтелуіне байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

03.03.23 12:59
/KASE, 03.03.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2023 жылдың 03 наурызынан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) XS0245586903 халықаралық облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, CCBNe3; 100,0 млн; мерзімсіз, айналыстың басталуы – 03.03.06, тоқсандық купон; соңғы купондық кезеңге жылдық 10,785%; actual/360) мерзімінен бұрын өтеуге байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды. Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE жаңалықтары жарияланған болатын "Банк ЦентрКредит" АҚ өзінің XS0245586903 (CCBNe3) халықаралық облигациялары өтелгені туралы хабарлады"– https://kase.kz/kz/news/show/1497666/ Аталған облигациялар 2010 жылдың 19 мамырынан бастап "рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында болады. Олармен сауда-саттық 2010 жылдың 26 мамырынан бастап ашылды. [2023-03-03]