02 наурызда Алматыда мерейтойлық 10-шы CFO Summit Kazakhstan өтті

03.03.23 10:53
/KASE, 03.03.23/ – 2023 жылдың 02 наурызында Алматыда Kazakhstan Growth Forum және "Сентрас Иншуранс "Сақтандыру компаниясы" АҚ ұйымдастырған мерейтойлық 10- шы CFO Summit Kazakhstan өтті. Саммитке Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының Төрймы Алина Алдамберген қатысып, "Капитал нарықтарының трансформациясы: KASE жаңа имиджі" тақырыбында сөз сөйледі. А. Алдамберген KASE мен бизнестің алдында тұрған міндеттер, қазақстандық және әлемдік капитал нарықтарының трендтері, KASE жаңа қызметтері мен қаржы құралдары, 2022 жылдаы KASE жобаларының қызметі мен іске асырылу нәтижелері, сондай-ақ KASE алаңында цифрлық құралдарды іске қосу мүмкіндігін зерделеу туралы айтып берді. Саммитте спикерлер арасында Kazakhstan Growth Forum Төрағасы Елдар Әбдіразақов, "Ракурс" экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосов, Ұлттық Банктің төлемдер мен қаржылық технологияларды дамыту орталығының төрағасы Бинур Жаленов, тәуелсіз экономист Алмас Чукин, саясаттанушы Досым Сәтбаев, "Есепке алу" компаниялар тобының негізін қалаушы Максим Барышев, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Басқармасының Төрайымы Үміт Шаяхметова және басқалар сөз сөйледі. CFO Summit – бұл Қазақстандағы экономика, қаржы, инвестициялар және IT-технологиялардың өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасу және шешімдер іздеу үшін еліміздің үздік қаржыгерлері мен экономистерін біріктіретін кәсіби алаң. CFO Summit Kazakhstan Алматыда 2014 жылдан бастап Kazakhstan Growth Forum қамқорлығымен өткізіліп келеді. [2023-03-03]