АНОНС: 06 наурызда KASE "Ring The Bell for Gender Equality" сауда-саттығының ашылу салтанатын және "DigitALL: Women in FinTech" пікірталасын өткізеді

03.03.23 10:47
/KASE, 03.03.23, 01.03.23 жаңалығын қайталау/ – 2023 жылдың 06 наурызында Қазақстан қор биржасы (KASE) халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) бірлесіп БҰҰ-ның "Тұрақты қор биржалары" бастамасы – Sustainable Stock Exchanges Initiative (UN SSE бастамасы) шеңберінде "Ring The Bell for Gender Equality" сауда-саттығының жыл сайынғы ашылу рәсімін өткізеді. Іс-шара барысында цифрландыру мен IT технологияларды дамыту контекстінде гендерлік инклюзивтілікті қолдауға байланысты тақырыптарды талқылайтын цифрлық технологиялар және финтех саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен "DigitALL: Women in FinTech" тақырыбында пікірталас өткізіледі. Іс-шара Астана қ.сағат 09:30-да Алматы қ., Байзақов к-сі, 280, "Almaty Towers" бизнес-орталығы, Солтүстік мұнара, 1-ші қабат, KASE баспасөз бөлмесі мекен-жайы бойынша басталады. Тіркелу үшін хабарласыңыз: nazgul.alibayeva@kase.kz немесе Тел. +7 (727) 237 5340 (ішкі.1158). [2023-03-03]