KASE Директорлар кеңесі "Бағалы қағаздарды жария ұсынуды жүргізу ережелері" атты жаңа ішкі құжатты және бірқатар KASE ішкі құжаттарына түзетулерді бекітті

02.03.23 15:17
/KASE, 02.03.23/ – Қазақстан қор биржасының Директорлар кеңесінің (KASE) 2023 жылдың 01 наурызындағы шешімімен бекітілді: - Бағалы қағаздарды жария ұсынуды жүргізу ережелері (Ережелер); - Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағидаға № 5 өзгертулер мен толықтырулар; - Мүшелік жарналар, биржалық және клирингілік алымдар туралы қағидаға № 17 өзгертулер мен толықтырулар; - Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережелеріне № 1 өзгертулер. Ережелер мен түзетулер 2023 жылдың 02 наурызынан бастап қолданысқа енгізілді. Ережелер инвесторлардың әлеуетті шектеусіз шеңберінен өтінімдер жинау (жария ұсыныс) жолымен бағалы қағаздарды орналастыруды, сатуды, сатып алуды немесе сатып алуды көздейтін KASE-де сауда-саттық өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді және KASE арқылы бағалы қағаздарды жария ұсынуды жүргізудің негізгі шарттары мен тәртібін анықтайды. Сауда саттықтың жаңа әдісінің енгізілуіне байланысты KASE ішкі құжаттарына тиісті түзетулер енгізілді. Жоғарыда көрсетілген Ережелер мен құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында http://kase.kz/kz/kase_rules/ ("Сауда-саттық" және "Мүшелік" бетбелгілері) сілтемесі бойынша жарияланады. [2023-03-02]