01 НАУРЫЗДАН БАСТАП KASE_BM* СЕРИЯЛЫ ИНДЕКСТЕРДІҢ ӨКІЛЕТТІК ТІЗІМІ 62 АТАУДАҒЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРДАН ТҰРАДЫ

28.02.23 14:40
/KASE, 28.02.23/ – Қазақстан қор биржасының индекстері мен индикаторлары жөніндегі комитеті (KASE) Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне (әдістеме) сәйкес 2023 жылдың 01 наурызынан бастап KASE_BM* сериясының индикаторларын есептеу үшін өкілеттік тізімге "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ-ның мынадай облигацияларын қосу туралы шешім қабылдады: 1) KZ2C00007540 (KFUSb21); 2) KZ2C00008696 (KFUSb39); 3) KZ2C00008704 (KFUSb40); 4) KZ2C00008902 (KFUSb44); 5) KZ2C00008910 (KFUSb45); 6) KZ2C00008928 (KFUSb46); 7) KZ2C00008936 (KFUSb47); 8) KZ2C00008944 (KFUSb48); 9) KZ2C00008951 (KFUSb49). Аталған облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді. Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет KASE қор нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілеттік тізімдерді қайта қарайды: 1) Негізгі алаңның (KASE_BM* сериясы) – KASE_BMC таза баға индексі және KASE_BMY кірістілік индикаторы; 2) Баламалы алаңның (KASE_BA* сериясы) – KASE_BAC таза баға индексі және KASE_BAY кірістілік индикаторы. 2023 жылдың 01 наурызынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілеттік тізімі 62 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BA* сериялы индикаторлар тізіміне қосу үшін баламалы алаңның облигациялары жоқ. Естеріңізге сала кетейік, KASE_BA* сериясының индикаторларын есептеу 2018 жылдың 26 қаңтарынан бастап аталған индикаторларды есептеу үшін өкілеттік іріктеменің болмауына байланысты тоқтатылды, себебі Әдістемеге сәйкес корпоративтік облигациялардың жалпы саны кемінде төрт болуы тиіс. Көрсетілген тізімдерді KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/stock_market/kase_bonds/KASE_BMC/ сілтемесі бойынша көруге болады. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf сілтемесі бойынша қолжетімді. [2023-02-28]