28 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Macy's US55616P1049 (M_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

28.02.23 09:41
/KASE, 28.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 28 ақпанынан бастап KASE орталық контрагент функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 15 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін Macy's (АҚШ) US55616P1049 ("KASE Global" секторы, M_KZ) жай акцияларымен сауда-саттықтың тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 15 наурызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 17 наурызынан бастап қайта басталады. [2023-02-28]