KZ
9 мамыр 2025, 14:55
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.02.2023 15:53 #Қаржы құралдары

28 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ KZ2C00009322 (FIVEb4) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

/KASE, 27.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 28 ақпанынан бастап "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ (Алматы) KZ2C00009322 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, FIVEb4; 100 теңге, 200,0 млн теңге; 12 ай; тоқсандық купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

Көрсетілген облигациялар шығарылымы туралы толығырақ ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2023-02-27]