/ҚАЙТАЛАУ/ 24 ақпанда Қазақстан қор биржасында "Bank RBK" Банкі" АҚ KZ2C00008845 (INBNb11) облигацияларына жазылу жүргізіледі

23.02.23 10:48
/KASE, 23.02.23, 21.02.23 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) 2023 жылдың 24 ақпанында KASE сауда-саттық жүйесінде Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы) KZ2C00008845 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, INBNb11; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге17.10.22 – 17.10.32, жарты жылдық купон, жылдық 17,50 %; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 1 000 000 000 теңге. Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілуі керек. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 24 ақпанында Астана қаласы уақытымен сағат 11:30-дан 13:00-ге дейін жүргізіледі. Жазылым шеңберінде тек шектелімді өтінімдер қабылданады. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың 24 ақпаны; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 24 ақпаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 24 ақпаны, Астана қ.уақытымен 15:00. Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигациялардың Сатушысына ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы; 2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН; 3) заңнамаға сәйкес заңды тұлғаны заңды тұлға ретінде тіркеу жүзеге асырылған жеке тұлғаның азаматтығы немесе мемлекет Жаңа редакциядағы Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережелерінің мәтіні KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/INBNb11/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-02-23]