/KASE, 22.02.23/ – Бұдан бұрын дхабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Басқармасы 2023 жылдың 14 ақпанында Еуропалық Қайта Құру және даму
банкінің XS2586856879 (48,5 млрд теңге; 23.02.23 – 23.03.24; өзгермелі
тоқсандық купон, мөлшерлемесі TONIA Compounded + 0,90% - ға тең; actual/365)
халықаралық облигацияларының KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісімін берді.
Аталған облигациялардың рұқсаттама бастамашысы "Tengri Partners Investment
Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады.
Басқарманың бұл шешімі 2023 жылдың 22 ақпанынан бастап күшіне енді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға EBRDe18 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат сілтеме
бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/issuers/EBRDe18/ сілтемесі бойынша
жарияланды.
[2023-02-22]