23 ақпаннан бастап Cameco Corporation CA13321L1085 (CCJ_KZ) жай акциялары рұқсаттама бастамашысының бастамасымен KASE ресми тізімінен шығарылады

22.02.23 14:40
/KASE, 22.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 23 ақпанынан бастап KASE ресми тізімінен Cameco Corporation (Канада) CA13321L1085 ("KASE Global" секторы, CCJ_KZ) жай акциялары шығарылды. Бұл шешім KASE-де көрсетілген акциялардың рұқсаттама бастамашысы болып табылатын "Фридом Финанс" АҚ-ның ерікті делистинг туралы өтініші негізінде қабылданды. Аталған акциялар 2022 жылдың 13 мамырынан бастап KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына енгізілді. Олармен сауда-саттық 2022 жылдың 19 мамырынан бастап ашылды, 2022 жылдың 13 маусымыннан бастап тоқтатылды. [2023-02-22]