KZ
13 мамыр 2025, 17:01
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.02.2023 14:40 #Қаржы құралдары

23 ақпаннан бастап Cameco Corporation CA13321L1085 (CCJ_KZ) жай акциялары рұқсаттама бастамашысының бастамасымен KASE ресми тізімінен шығарылады

/KASE, 22.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 23 ақпанынан бастап KASE ресми тізімінен Cameco Corporation (Канада) CA13321L1085 ("KASE Global" секторы, CCJ_KZ) жай акциялары шығарылды.

Бұл шешім KASE-де көрсетілген акциялардың рұқсаттама бастамашысы болып табылатын "Фридом Финанс" АҚ-ның ерікті делистинг туралы өтініші негізінде қабылданды.

Аталған акциялар 2022 жылдың 13 мамырынан бастап KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына енгізілді. Олармен сауда-саттық 2022 жылдың 19 мамырынан бастап ашылды, 2022 жылдың 13 маусымыннан бастап тоқтатылды.

[2023-02-22]