15 наурыздан бастап Yandex N. V. NL0009805522 (NL_YNDX) жай акциялары KASE ресми тізімінен шығарылады

21.02.23 10:29
/KASE, 21.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 15 наурызынан бастап Yandex N. V. (Нидерланды Корольдігі) Nl0009805522 жай акциялары (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, NL_YNDX) KASE ресми тізімінен алынып тасталады. Бұл шешім Листингілік ережелердің 19 бабы 3 тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес қабылданды. Аталған акциялар 2019 жылдың 26 наурызынан бастап негізгі алаңның "стандарт" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілген. Олармен сауда-саттық 2019 жылдың 05 тамызынан бастап ашылған. [2023-02-21]