20 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Fincraft Group" ЖШС KZ2P00009178 (NCOMb3) облигацияларымен сауда-саттық ашылды

20.02.23 12:41
/KASE, 20.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 20 ақпанынан бастап"Fincraft Group" ЖШС (Алматы)KZ2P00009178 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, NCOMb3; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 18,50 %; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылғанын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза" бағасының екінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/NCOMb3/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-02-20]