/KASE, 20.02.23, 16.02.23, жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE немесе Биржа) 2023 жылдың 21 ақпанында KASE сауда-саттық жүйесінде
Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2586856879 халықаралық облигацияларын
оларға жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.
Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 48 000 000 000 теңге.
Орналастыруға жоспарланған облигациялардың жиынтық номиналды көлемі алдын
ала және аталған жазылым бастамашысының хабарламасы бойынша өзгертілуі тиіс.
Көрсетілген халықаралық облигацияларға жазылу купон мөлшерлемесінің
құрамдас бөлігі болып табылатын тіркелген маржаны анықтау мақсатында
жүргізіледі. Белгіленген маржаның мөлшері үтірден кейін екі таңбаға дейін
көрсетіледі.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде теңгемен номиналды көлемі
көрсетілуі тиіс. Лот бір облигацияға тең, өтінімнің минималды көлемі
1 000 теңгені құрайды.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 21 ақпанында
Астана қаласы уақытымен сағат 09:30-дан 12:00-ге дейін жүргізіледі.
Жазылым шеңберінде шектелімді және нарықтық өтінімдер қабылданады.
Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың
21 ақпаны; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға
беру күні – 2023 жылдың 21 ақпаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен
уақыты – 2023 жылдың 23 ақпаны, Астана қ.уақыты 09:30. Есептесулерді
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE
мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық
тізімі
http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды
Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде жеке
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы
беріледі.
Бағалы қағаздарға жазылуды жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
[2023-02-20]