KASE 2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША БИРЖАНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК МҮШЕЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

17.02.23 18:10
/KASE, 17.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 17 ақпанында 2022 жылдың қорытындысы бойынша ең ерекшеленген KASE мүшелерін жыл сайынғы марапаттау рәсімі өткенін хабарлайды. "Жыл андеррайтері" номинациясында марапатталды: - "Фридом Финанс" АҚ, "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ және "SkyBridge Invest" АҚ – акциялар нарығында; - "Фридом Финанс" АҚ – корпоративтік облигациялар нарығында. "Нарық көшбасшысы" номинациясы бойынша марапатталды: - "Фридом Финанс" АҚ, "First Heartland Jusan Invest" АҚ және "Halyk Finance" Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ – акциялар нарығында; - "Фридом Финанс" АҚ – корпоративтік облигациялар және мемлекеттік бағалы қағаздар нарықтарында; - "Ситибанк Қазақстан" АҚ және "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ – шетел валюталары нарығында. "Жыл маркет-мейкері" номинациясында акциялар мен корпоративтік облигациялар нарығында "Фридом Финанс" АҚ марапатталды. Келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар: - "Инвесторларды тартуға қосқан елеулі үлесі үшін" – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ және "First Heartland Jusan Invest" АҚ; - "Үздік қаржылық кеңесші" – "Фридом Финанс" АҚ және "SkyBridge Invest" АҚ; - "Халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялар нарығындағы Андеррайтер" - "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ; - "Қытай юанінің биржалық нарығын дамытуға қосқан үлесі үшін" - "Қазақстандағы Қытай Банкі" Еншілес банкі АҚ; - "Жергілікті IPO-ны сәтті өткізгені үшін" – "Қазмұнайгаз" Ұлттық компаниясы" АҚ және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ; - "KASE-де корпоративтік "жасыл" облигациялардың бірінші шығарылымы – "KEGOC" АҚ. Толығырақ ақпарат KASE баспасөз мәлімдемесінде жарияланған – https://kase.kz/files/press/kz/17_02_2023_annual_report_competition_2021_kaz.pdf "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерін жыл сайынғы марапаттау ережелері http://kase.kz/files/normative_base/rules_annual_reward.pdf сілтемесі бойынша жарияланды. KASE алғаш рет 2002 жылдың қорытындысы бойынша Биржаның ең үздік мүшелерін марапаттады. Өткен жылдардағы номинациялардың дипломанттары туралы ақпаратпен KASE интернет-ресурсында танысуға болады – http://kase.kz/ru/members_diplomas/ [2023-02-17]