KASE 2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША БИРЖАНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК МҮШЕЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ
/KASE, 17.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 17 ақпанында 2022 жылдың қорытындысы бойынша ең ерекшеленген KASE мүшелерін жыл сайынғы марапаттау рәсімі өткенін хабарлайды.
"Жыл андеррайтері" номинациясында марапатталды:
- "Фридом Финанс" АҚ, "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ және "SkyBridge Invest" АҚ – акциялар нарығында;
- "Фридом Финанс" АҚ – корпоративтік облигациялар нарығында.
"Нарық көшбасшысы" номинациясы бойынша марапатталды:
- "Фридом Финанс" АҚ, "First Heartland Jusan Invest" АҚ және "Halyk Finance" Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ – акциялар нарығында;
- "Фридом Финанс" АҚ – корпоративтік облигациялар және мемлекеттік бағалы қағаздар нарықтарында;
- "Ситибанк Қазақстан" АҚ және "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ – шетел валюталары нарығында.
"Жыл маркет-мейкері" номинациясында акциялар мен корпоративтік облигациялар нарығында "Фридом Финанс" АҚ марапатталды.
Келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар:
- "Инвесторларды тартуға қосқан елеулі үлесі үшін" – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ және "First Heartland Jusan Invest" АҚ;
- "Үздік қаржылық кеңесші" – "Фридом Финанс" АҚ және "SkyBridge Invest" АҚ;
- "Халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялар нарығындағы Андеррайтер" - "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ;
- "Қытай юанінің биржалық нарығын дамытуға қосқан үлесі үшін" - "Қазақстандағы Қытай Банкі" Еншілес банкі АҚ;
- "Жергілікті IPO-ны сәтті өткізгені үшін" – "Қазмұнайгаз" Ұлттық компаниясы" АҚ және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ;
- "KASE-де корпоративтік "жасыл" облигациялардың бірінші шығарылымы – "KEGOC" АҚ.
Толығырақ ақпарат KASE баспасөз мәлімдемесінде жарияланған – толығырақ
"Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерін жыл сайынғы марапаттау ережелері толығырақ сілтемесі бойынша жарияланды.
KASE алғаш рет 2002 жылдың қорытындысы бойынша Биржаның ең үздік мүшелерін марапаттады. Өткен жылдардағы номинациялардың дипломанттары туралы ақпаратпен KASE интернет-ресурсында танысуға болады – толығырақ
[2023-02-17]